Армян-әзербайжан қақтығысынан қаза тапқандар мен жараланғандар бар

0
40
Таулы Қарабақтағы соғыс кезінде қаза болған солдаттардың суретін ұстап тұрған әзербайжан сарбаздары. Қыркүйек, 2021 жыл.

Әзербайжанмен кейінгі қақтығыстарда Арменияның ондаған солдаты тұтқындалған немесе із-түзсіз жоғалған. 17 қарашада Армения қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Азаттық  мәлімдеді.

Ал Әзербайжан Қорғаныс министрлігі кейінгі кезде шекарада болған қақтығыстардан жеті солдат қаза тауып, 10 адамның жараланғанын айтты.

Армения Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, кейінгі қақтығыстар кезінде әзербайжан тарабы 13 армян солдатын ұстаған, 24 солдат із-түзсіз жоғалған, олардың тағдыры белгісіз. Министрлік хабарламасында Мәскеу көмегімен тоқтатылған қақтығыс кезінде бір армян солдатының мерт болғаны жазылған. Бір күн бұрын Армения Мәскеу көмегімен Әзербайжанмен атысты тоқтату туралы келісімге қол қойғанын хабарлаған.

Бір жыл бұрын Армения мен Әзербайжан басшылары Таулы Қарабақта атысты тоқтату жөнінде ортақ келісімге қол қойған. Содан бері шекарада жағдай ауық-ауық ушығып келеді.

Тараптар кейінгі кезде жағдайдың ушығуына бір-бірін кінәлап келеді. Бұған дейін Әзербайжан армян күштерінің Келбаджар және Лачинде ірі арандату әрекетінің алдын алғанын хабарлаған. Ал армян жағы Әзербайжанның өзін кінәлап, шекарада артиллерия, бронды техника және өзге де қаруларды пайдаланды деп айыптады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз