Коронавирус жұқтырғандар саны тағы да күрт өсті

0
314

14 мамыр таңертеңгі ақпаратта коронавирус жұқтырғандар және вирустан өлгендер саны күрт өсті. Өткен тәулікте 2549 адам коронавирус жұқтырып, 33 адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұдан бөлек 127 адам пневмония жұқтырып, 4 адам індеттен қайтыс болды.

Өткен тәулікте ең көп науқас Нұр-Сұлтан (452) және Алматы (557) қалаларында тіркелген. Одан кейін Шымкент (125) қаласы, Қарағанды (348), Алматы (222), Ақмола (130), Батыс Қазақстан(123), Павлодар(102), Ақтөбе (102) және Шығыс Қазақстан (102) облыстары тұр. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 353 140 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 9 айға жуық уақыт ішінде 53884 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 851 адам қайтыс болған. 52516 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 39 472 адам (оның ішінде 517 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 774 адамның жағдайы ауыр, 180 науқастың жағдайы өте ауыр. 110 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз