АҚШ-та толық вакцина алғандарға бетпердесіз жүруге рұқсат берілді

0
115
Photo: centralasia.media

АҚШ билігі коронавирусқа қарсы вацинаның толық екі дозасын қабылдағандарға бетпердесіз жүруге және әлеуметтік ара қашықтық ережесін сақтамауға рұқсат берілді. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Толық вакциналаудан өту үшін екпенің екі дозасын алу керек. АҚШ-тағы ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мәліметі бойынша (CDC) қазірдің өзінде вакцинаның екі дозасын АҚШ-тың 119 миллионға жуық тұрғыны (ел халқының 35%-ы) салдырған. Ал 159 миллионға жуық халық екпенің алғашқы дозасын алған. Сарапшылар бұл жаңа ереженің АҚШ-ты қалыпты өмірге оралуға көмектесіп қана қоймай, америкалықтарды вакцина алуға сендіреді деп үміттенеді.

Дегенмен АҚШ билігі қоғамдық көлік немесе аурухана сияқты адам көп жиналатын жерлерде бетперде киюді ұсынады. Сонымен қатар, кей компаниялар мен дүкендер әлі де өз қызметкерлері мен клиенттерінен маска режимі және әлеуметтік арақашықтықты сақтауды талап етеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз