Өткен тәулікте 2411 адамнан коронавирус анықталды

0
84
Жедел жәрдем көліктері.

21 қыркүйекте Қазақстанда 2 411 адамның ПТР тесті оң шықты. 
Елде індет басталғалы инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 867 366 адамға жетті. Бұл туралы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Аймақтар бойынша бір күнде Нұр-Сұлтанда – 187, Алматыда – 498, Шымкентте – 99, Ақмола облысында – 148, Ақтөбе облысында – 118, Алматы облысында – 232, Атырау облысында – 61, Шығыс Қазақстан облысында – 103, Жамбыл облысында – 53, Батыс Қазақстан облысында -55, Қарағанды облысында – 396, Қостанай облысында – 102, Қызылорда облысында – 45, Маңғыстау облысында – 18, Павлодар облысында – 188, Солтүстік Қазақстан облысында – 78, Түркістан облысында – 30 адамнан коронавирус анықталған.

Індеттен бір күнде 3 865 адам айыққан. Таңертең шыққан мәлімет бойынша,67 404 адам коронавирустан емделіп жатыр.
12 105 пациент стационарда, 55 299 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

1000 адамның жағдайы ауыр, 248 пациенттің жағдайы өте ауыр,
143 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Өңірлердің эпидемиологиялық ахуалы:

🔴 “Қызыл” аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары.

🟡 “Сары” аймақта : Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

🟢 “Жасыл” аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз