Нұр-Сұлтанда жылыту маусымы 23 қыркүйекте басталады

0
168
жылыту маусымы

Елордада 2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымының басталуы туралы қаулыға қол қойылды. Қаулыға сәйкес жылу беру маусымы Нұр-Сұлтанда 23 қыркүйектен басталады. Бұл туралы астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

20 қыркүйекте әкімдік қалада жылу беру маусымы орташа тәуліктік температура +10 градус (және одан төмен) 5 күн бойы сақталған кезде толығымен басталатынын хабарлаған еді. Арадан 24 сағат өтпей Нұр-Сұлтандағы ауа райына байланысты әкімдік сайтында жылу беру маусымының уақыты белгілі болды.

Еске сала кетейік, елордада кейбір әлеуметтік нысандар өтініштер негізінде жылу беру жүйесіне қосылған. Оның ішінде медициналық мекемелер, білім беру нысандары, балабақшалар және т.б. әлеуметтік нысандар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз