Вакцинаның екі компонентін салдырғандар саны 8 миллионнан асты

0
177

25 қараша таңертеңгі ақпаратта 8 667 674 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды. Вакцинаның ІІ компонентін 8 008 545 адам алған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазақстанда жалпы 28 106 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 5 879 пациент стационарда, 22 227 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Науқастардың ішінде 444 адамның жағдайы ауыр, 117 адамның жағдайы өте ауыр және 76 науқас жасанды тыныс аппаратында жатыр.

Қазіргі таңда қазақстандықтарға вакцинаның 4 түрі қолжетімді – қазақстандық QazVac, қытайлық Sinopharm фармкомплексінің Vero Cell, ресейлік «Спутник V» және жүкті әйелдер мен жасөспірімдерге арналған “Pfizer” вакциналары.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз