Нұр-Сұлтанда қалың қардан әуежай уақытша істемей қалды

0
101
Астана халықаралық әуежайы.

Астанада қалың қар жауып, салдарынан Нұр-Сұлтандағы әуежай түнгі сағат 2 жарымнан таңертеңгі 9-ға дейін уақытша істемей қалды. Бұл жөнінде азаматтық авиация комитеті хабарлады.

“Қалың қар жауғандықтан түнгі сағат 2:30-дан бастап астанадағы әуежай уақытша жабылып, ұшу-қону жолақтары қардан тазартылды. Қолайсыз ауа райына байланысты 12 рейсті ұшу кешіктірілді, қонуы тиіс болған 9 рейс запастағы аэродромға кетті” делінген азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Ұшу-қону жолақтары 25 қарашада таңертеңгі сағат 9-да қайта ашылған.

Ауа райына байланысты ұшуы кешіккен 13 рейс арасында Нұр-Сұлтан – Алматы, Нұр-Сұлтан – Шымкент, Нұр-Сұлтан – Ақтау, Нұр-Сұлтан – Атырау, Нұр-Сұлтан – Қызылорда, Нұр-Сұлтан – Ақтөбе, Нұр-Сұлтан – Ташкент рейстері бар. Қонуы кешіккен рейстер арасында Қарағанды – Нұр-Сұлтан, Ақтөбе – Нұр-Сұлтан, Атырау – Нұр-Сұлтан, Ақтау – Нұр-Сұлтан, Алматы – Нұр-Сұлтан рейстері бар.

Қала халқы қалың қардың салдарынан жол қозғалысы да шектеліп, көлік кептелістері пайда болғанын хабарлап жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз