Димаш “Азияның ең сұлу 100 адамы” онлайн жарысында үздік шықты

0
136
Димаш Құдайберген

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов KingChoice сайтында жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша “Азияның ең сұлу 100 адамы” номинациясын жеңіп алды.

Сауалнама 30 қыркүйекке дейін онлайн түрде жүргізілді. Сауалнамаға жиырма жеті миллионнан (27 419 170) астам адам қатысқан. Димаш, жалпы тоғыз миллионнан (9 304 871) астам дауыс жинап, бірінші орынды иеленген.

Димаш Құдайберген Оңтүстік Кореяның Ким Сокджин (BTS тобының солисі, екінші орын – 8,1 млн астам дауыс) және Чха Юн У (Бойбенд Astro мүшесі, үшінші орын – 1,9 млн астам дауыс) сияқты танымал әншілерін басып озды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз