Исламдағы қасиетті Қадір түнін қалай өткізген дұрыс?

0
289
Нұр-Сұлтан қаласы. Әзірет Сұлтан мешіті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) бекітуімен 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн мұсылмандар үшін мың айдан да қайырлы “Қадір түні” болып бекітілді. Пандемияға байланысты мешіттер жабық болғанда үйде бұл түні қандай амалдар жасаған абзал?

“Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елдегі пандемия жағдайын ескеріп, індеттің алдын алу мақсатында қасиетті Қадір түнінде мешітте орындалатын діни рәсімдер онлайн режімде өтетінін хабарлайды. Осы ретте Қадір кешін үйде өткізу қажеттігін қаперлеріңізге саламыз.” – делінген ҚМБД хабарламасында.

Мүфтият елдегі мұсылмандарды бұл түні теледидар алдында уағыз-насихат тыңдап, онлайн діни бағдарлама көруге шақырады.

“Қадір түнінде отандық телеарналар мен “Халық арна”, “Хикмет ТВ” және muftyat.kz сайтының әлеуметтік желідегі парақшаларында арнайы онлайн бағдарламалар ұйымдастырылады. “Қасиеті мол қадір түні” атты онлайн бағдарламада елімізге белгілі ғалымдардың уағыз-насихатын тыңдап, Құран хатым дұғасына қатыса аласыздар. Діни басқарма жанындағы ақпарат беру орталығынан (call center, 8 7172 33 30 30) тәулік бойы көкейдегі сауалыңызға жауап аласыз” – дейді ресми сайт таратқан ақпаратта.

Қадір түнінің маңыздылығы туралы қасиетті Құран Кәрім кітабында “Қадір” сүресінде айтылған. Бес аяттан тұратын сүреде Құранның “Қадір түнінде” түсірілгендігі, оның мың айдан қайырлы екендігі, бұл түнде Жәбірейіл періште Алла әмірімен жер бетіне түсіп, адамдарға қызмет ететіндігі және таңға дейін тыныштық болатыны айтылады. Жасалған ғибадаттың мың айға, яғни сексен үш жылға тең болатындығына байланысты мұсылмандар “Қадір түнін” ізгі амалмен өткізуге тырысады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз