Израильдегі қақтығыстан 200 адам зардап шекті

0
271

Шығыс Иерусалимде палестиндік мұсылмандар мен Израиль тәртіп сақшылары арасында қақтығыс болды. Нәтижесінде 200-ден астам адам зардап шекті. Оның ішінде 6 полиция қызметкері жарақат алды. Бұл туралы euronews.com сайты хабарлады.

Әл-Ақса мешітінде болған жанжалда палестиндіктер полицейлерді таспен және жарылғыштармен атқылаған. Ал, тәртіп сақшылары жауап ретінде оларға қарсы резеңке оқтар, жарық және гранаталармен көз жасаурататын газ қолданған.

Оқиға Рамазан айының соңғы жұмасында “Әл-Кудс күнін” тойлау кезінде болған. “Әл-Кудс күні” жыл сайын Иранда және бірқатар Таяу Шығыс елдерінде палестиналықтардың тәуелсіздік үшін күресіне білдірген қолдауы ретінде аталып өтеді. Бұл сионизм* саясатымен күрес күні.

Қасиетті Рамазан айының басынан Шығыс Иерусалимде наразылықтар мен зорлық-зомбылық толқыны басылмай, қасиетті айдың соңғы аптасында күшейе түскен.

Осыған байланысты Палестина лидері Махмуд Аббас БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын жинауға шақырды.

Сионизм* – бұл еврей халқының арасында және еврей халықтары үшін иуда дінін, ебра мәдениетін орнатуды және күшті экономика құруды қолдайтын діни, мәдени және қаржылық қозғалыс.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз