Қытайлық вакцина ДДСҰ тізіміне енді

0
547
photo: gazeta.ru

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі халыққа бастаған қытайлық “Sinopharm” вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирусқа қарсы шұғыл қолдану үшін тізіміне енгізді. 

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қарсы қытайлық вакциналар туралы не білеміз?

“Sinopharm” вакцинасын Пекин биологиялық өнімдер институты шығарады. Бұл ДДСҰ тарапынан мақұлданған алғашқы қытайлық және әлемдегі алтыншы вакцина. Осыған дейін ДДСҰ Pfizer-BioNTech, Moderna, Johnson and Johnson және AstraZeneca екпелерін мақұлдады. Бұл вакциналарды бүкіл әлемде, әсіресе жағдайы төмен елдерде вакциналауды қолжетімді ету үшін қолданады.

Қазақстанда 6 мамырдан бастап “Sinopharm” вакцинасын егу басталды. Оны алғаш болып астаналық тұрғындарға екті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз