«52 отандас»

0
162

Өзбекстандық әнші Ақтөбе облысындағы автобус өртінен қаза тапқан 52 отандасы жайлы бейнеклип түсірді.

Өзбек әншісі Сардор Мамадалиевтің жан тебірентер әні youtube желісіне жүктелген. Бейнебаян таяуда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында өртенген автобуста тірідей жанып кеткен 52 Өзбекстан азаматы жайында. Өнер иесі өзінің бұл туындысын «52 отандас» (52 Vatandosh) деп атады.

Еске сала кетейік, қаңтар айының он сегізі Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында «Самара–Шымкент» автожолынан 1068 шақырым, Қалыбай кенті маңында «Икарус» маркалы жолаушылар автобусы өртке оранып, 52 адам тірідей жанып кетті.

Автобуста қаза тапқандардың барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары болатын.

Арслан Али

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз