Асхат Аймағамбетов Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұған дейін білім және ғылым вице-министрі лауазымын атқарған Аймағамбетовты облыс активіне Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов таныстырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Аймағамбетов облыс әкімінің орынбасары ретінде аймақтағы әлеуметтік сала мен ішкі саясатын мәселелерін қадағалайды.
Асхат Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. “Тарихшы, тарих пәнінің мұғалімі” және “Заңтану” мамандығы бойынша екі ЖОО тәмамдаған. Еңбек жолын 2002 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде бастаған. “Аңсар” жастар Лигасын басқарған.
2012 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Нұра ауданы әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы білім Басқарамасының жетекшісі болды. 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін білім және ғылым вице-министрі лауазымын атқарды.
Safina Said