Әскери ұшақ апатқа ұшырап, 200-ден астам адам көз жұмды

0
90

Алжирде әскери ұшақ апатқа ұшырап, 200-ден астам адам қаза тапты. Бұл туралы Euronews хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, апаттан қаза болған 200-ден астам адамның басым көпшілігі әскерилер. Бортта нақты қанша адам болғаны әзірге белгісіз. 

Ил-78 ұшағы Блида қаласының маңындағы ауыл шаруашылық аймағында апатқа ұшырады. Ұшақ ел астанасы Алжирден 50 шақырым жерде әскери базаның аэродромынан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай құлаған.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиға орнына 14 жедел жәрдем көлігі жетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз