Елбасы жаңадан тағайындалған елшілерді құттықтады

0
378

Өзбекстан, Ресей, Түркіменстан және Италияның Қазақстандағы елшілері Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамоталарын табыстады.

Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған елшілерді құттықтай отырып, олардың миссиялары мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға үлес қосатынына сенім білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты рәсім барысында «Баршаңызды Қазақстандағы жаңа дипломатиялық миссияларыңыздың ресми басталуымен шын жүрегіммен құтықтаймын. Жауапты әрі мәртебелі міндеттеріңіз елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан ары нығайтуға серпін береді деп сенемін. Сіздердің дипломатиялық қызметтеріңіз мазмұнды әрі маңызды оқиғаларға толы кезеңдерде болғалы тұр. Қазақстан ширек ғасыр ішінде дипломатиялық жүйесі орныққан, азаматтық қоғамы кемелденген, экономикасы дамыған мемлекетке айналды. Қолға алған игі бастамалардың түпкі мақсаты – әлемдегі озық дамыған 30 елдің қатарында болу. Қазақстан халықаралық байланыстаынды дамыта түсу үшін көпжақты сыртқы саяси бағытын жалғастыра беретін болады. Біз бейбітшілік пен қауіпсіздікті, халықаралық құқық негіздерін нығайтуды көздейтін іс-әрекеттерді қолдаймыз», – деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз