Елбасы Франция президентін Астанаға шақырды

0
66

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев француз әріптесі Эммануэль Макронды Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.


Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Францияның сыртқы істер министрлігі мен Еуропа министрлігінің мемлекеттік хатшысы, экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан – Франция үкіметаралық комиссиясының төрағасы Жан-Батист Лемуанмен кең ауқымды форматта өзара ықпалдастық мәселелерін кеңінен талқылады.

Кездесу барысында тараптар «қазақ-француз стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайтудың маңыздылығын» нақтылады.

Сондай-ақ, келіссөздер барысында Қазақстан Президенті Франция Президенті Эммануэль Макронға Астана қаласына сапар жасауға шақыру жолдап, ол алғыспен қабылданғаны атап өтілді. Осыған орай, тараптар екі мемлекет басшыларының кездесуі үшін өзара қолайлы мерзімдерді анықтау бойынша жұмыс істеуге келісті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз