“ҚазМұнайГазда” жаңа басшы

0
109
дереккөзден

Алик Айдарбаев “ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы” акицонерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы “Самұрық-Қазына” баспасөз қызметі хабарлайды.

Бүгін “Самұрық-Қазына” қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Алик Айдарбаевты “ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ басқарма төрағасы ретінде таныстырды деп хабарланады.

Бұған дейін аталған лауазымды Сауат Мыңбаев атқарды. Мыңбаев “Қазақстан темір жолы”  басқарма төрағасы болып тағайындалды.

А. Айдарбаев 1963 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1985 жылы “Жетібаймұнай” мұнай өңдеу басқармасында оператор, технолог болып бастаған, кейіннен мұнай мен газ өндіру бойынша шебер болған.

Түрлі жылдары Айдарбаев “Южказнефтегаз”, “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ, “ҚазМұнайгаз”ҰК” АҚ-да басшылық қызмет атқарды. 2011-2013 жылдары “ҚазМұнайГаз мұнай өндіру” АҚ-да бас директор лауазымын атқарды. 2013 жылы Маңғыстау облысының әкімі болды. 2017 жылы инвестиция және даму бойынша бірінші вице-министр, ал 2018 жылы “Самұрық-Қазына” қоры төрағасының орынбасары болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз