Bek Air компаниясының Астанадан Алматыға ұшып шыққан ұшағы техникалық ақауға байланысты әуежайға қайта оралды. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.
Инвестиция және даму министрлігі азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, Bek Air компаниясының Z9 2121 рейсі 12 желтоқсан күні сағат 3-те Астана әуежайынан ұшып шыққан соң “техникалық ақау” шығып, сағат 4:23-те әуежайға қайта оралған.
Жолаушылар ұшақтан түсіріліп, терминалға орналастырылған. Сағат 5:30-да ұшақ ақауы жөнделген соң Алматыға ұшып шықпақ болған. Бірақ, сағат 7:14-те компания әуежайға рейс тоқтатылғанын хабарлаған.
Жергілікті ақпараттық сайттардың Bek Air бас директоры Сырым Омаржановқа сілтеме жасап хабарлауынша, ұшақ датчик кабинадағы қысым жоғалғанын көрсеткен соң әуежайға оралған. Компания жолаушыларға Алматыға басқа ұшақпен ұшуды ұсынған. Кейбір жолаушылар ұшақ ауыстыруды күтпей, басқа рейспен ұшып кеткен.
Азаматтық авиация комитеті қазір ұшақ Астана әуежайында тұр. Ұшақ Алматыға бүгін сағат 18-де ұшады деп жоспарланған.