Босқын рохинджалардың қазіргі күйі қандай?

0
98

Бангладеш халық республикасы рохинджаларға брілген лагерлер толы болғандықтан Мяньмадан қашқан босқындарға берер жай таппай әлекке түсуде. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Сол себепті көрші елден келген 60 рохинджа отбасына Кокс-Базар қаласы жанынан жер беріліп, уақытша баспаналар тұрғызуға рұқсат етеілді.

Естеріңізде болса, тамыз айының соңына қарай рохинджа ұлтынан құралған қарулы топтың Мьянмадағы әскери бөлімшелерге жасаған шабуылының әсерінен бұрыннан келе жатқан мьянмалықтар мен рохинджа ұлты арасындағы даулы жағдай шиеленісе түскен болатын. Қарапайым рохинджа ұлтының мұсылмандары Бангладешке бас сауғалауға мәжбүр болған еді.

Соның нәтижесінде 436 мыңнан астам босқын көрші елдердің аумақтарына өткен.

Қазіргі таңда бірқатар ел босқындарға гуманитарлық көмек көрсетіп келеді. Дегенмен де түрлі қайырымдылық ұйымдары рохинджа мұсылмандарының қазіргі жағдайына алаңдап отыр. Себебі уақытша баспаналарды пана тұтып жүрген халық арасында азық-түлік пен таза ауыз суы тапшы. Санитарлық жағдайдың да ахуалы сын көтермейтіндіктен, алдағы уақытта тырысқақ індеті тарап кету қаупі басым.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз