Заңсыз iPhone жасап шығарғандарда кәсіпкерлік принципі бар – пікір

0
32

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы Бағдат Мусин Алматыда табылған жасырын iPhone өндірісі цехіне байланысты өз ойын білдірді.

Бағдат Мусин өзінің фейсбук желісіндегі парақшасында iPhone өндірушілерінің іс-әрекетіне деген таңданысын жасыра алмай, «Жігіттер iPhone көшірмесін жасап шыққан ба? Керемет қой! Менің ойымша оларға керісінше заңды түрде өнім шығарумен айналысуға мүмкіндік беру қажет. Қандай да бір технологияларды шығаруға арналған дүниелерге тапсырыс беруге көмек көрсетіңіз! Жеңілдікті бағдарлама бойынша қаржыландыруды жүзеге асыру керек пе? Неге көмектеспеске? Десек те олар сандық Қазақстанды жариялады емес пе! Егер олар iPhone-ды жинап, бастапқы тақталарды арзан аксессуарлармен араластыратын болса, ендеше жігіттерде озық дағдылардың бары анық! Және оларда жақсы кәсіпкерлік принципі бар», – деп жазды.

Еске сала кетейік,  Алматы қаласының Мемлекеттік табыс басқармасының қызметкерлері Алматы әуежай терминалының аумағында iPhone құрылғысының көшірмесін жасайтын жер асты дүкенін тапқан болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз