ДАИШ-ты басқарған Қазақстандықтың көзі жойылды

0
69

Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игроь Конашенковтың мәліметінше, Ресей әуе-ғарыш күштері екі тәулік ішінде Сирияда ДАИШ-тың жеті командирінің көзін жойды. Бұл туралы РИА Новости агенттігі хабарлайды.

Ресей әуе күштері, сондай-ақ, Евфрат аймағында орналасқан лаңкестік топты басқарған Қазақстан тумасының көзі жойылғанын хабарлады.

– Сириядағы Евфрат аймағында ДАИШ лаңкестік ұйымын басқарып келген Қазақстан тумасы Әбу Ислам әл-Қазақимен қоса тағы алты командирдің көзі жойылды», – дейді Ресей қорғаныс министрінің ресми өкілі.

Ресей әуе күштері екі күн ішінде Евфраттың шығыс аймағында орналасқан ДАИШ-тың 304 лаңкесінің көзін жойып, 170-тен аса лаңкесті жарақаттаған. Сондай-ақ, шетелдік жалдамалы лаңкестердің жиналатын орталық жойылды.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз