Тәжікстанда Уикипедияның тәжікше қате жіберуіне тыйым салынды

0
91

Тәжікстан үкіметінің тіл және терминология жөніндегі комитеті Уикипедияның Тәжік бөліміне мақалалардағы грамматикалық қателіктерге жол бермеу туралы қатаң ескерту жасады. Комитет сарапшылары әмбебап интернет энциклопедиясының тәжік тілінің нормаларын бұзғаны үшін жауап беруге мәжбүр болады деп сақтандырады.

Комитет төрағасының орынбасары Саодатшо Матробиеннің мәлімдеуінше, мамандар апта бойы тәжік тіліндегі уикипедиялық мақалаларды зерттеп, біршама орфографиялық қате табылғанын айтады. «Авторлар мен аудармашылар тәжік тілінің нормаларын сақтамайды. Сөйлеу стандарттарын елемеу емле ережелер мен тыныс белгілерді елемеуге әкеліп соқтырады» деп ескерту жасады С. Матробиен.

Мамандар Уикипедияның тәжік секциясын толтыруда жіберген қателерін «Тәжікстан Республикасының мемлекеттік тілі туралы» заңға және Тәжік жазуының ережелеріне байланысты мақұлданған Үкіметтің № 458 қаулысына қайшы келеді деген қорытындыға келді.

Тәжікстан үкіметінің тіл және терминология комитеті тәжік тіліндегі мақалалардағы барлық грамматикалық қателерді түзетуден өткізбеген жағдайда уикипедия заң алдында жауап беретінін мәлімдеді.

«Уикипедия» – тегін мазмұнмен қамтылған әмбебап интернет энциклопедиясы. Бұл сайт 39 аймақтық өкілдігі бар «Уикипедия қоры» америкалық коммерциялық емес ұйымына тиесілі.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз