Алматының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 17 қаңтарда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге қастандық жасағандарға үкім шығарды.
Сот шешімі бойынша Арман Құдайбергенов ұрлық жасаумен қатар адам өлтірді деген айыппен 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қоса адам өлімін жасырды деген айыппен жазаланушы Жанар Толыбаева 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын өзінің жүктілігіне байланысты кейінірек қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемеде өтейтін болады.
Ал, Нұралы Қиясов айыпты деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Айыпталушы Қиясов жазасын максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.
Денис Тен 19 шілдеде Алматы қаласында өз көлігінің айнасын қолды етпек болғандардың қолынан пышақ жарақатынан көз жұмған болатын.