Көптен күткен кездесу

0
212

Тарихи сәт: 12 маусым Сингапурда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның көптен күткен тарихи кездесуі өтті.

Екі ел басшысы Сингапурдағы Капелла қонақ үйіне келген бетте бір-біріне сәлем беріп, қол алысып, суретке түсіп, 40 минуттан аса уақыт бойы жеке әңгімелесті.

Басқосудан кейін қос мемлекеттің кеңейтілген құрамдағы отырысы басталды.

АҚШ жағынан мемелекеттік хатшы Майк Помпео, Президенттің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон, Ақ үй әкімшілігінің басшысы Джон Келли отырыстың құрамында болса, Солтүстік Корея тарапынан Сыртқы істер министрі Ли Ён Хо бастаған делегация қатысты.

Трамп пен Кимның арасындағы келіссөздерден кейін Ақ үй басшысы кездесудің сәтті өтуіне сенім білдіре отырып, «Біз алдағы уақытта жақсы қарым-қатынастарға ие боламыз», деді.

Өз кезегінде Солтүстік Корея президенті «Осы саммиттің өтуі үшін көп шаруа атқардық. Екі жақа да кедергі болып келген ескі көзқарастарымызды жеңіп міне енді емін-еркін келіссөз жүргізіп отырмыз», деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз