Ет патшасы Нүсрет өз ауылына мешіт салды

0
612

Дүние жүзіне ет патшасы ретінде танылған Нүсрет қасиетті Рамазан айында өзінің туған жері Эрзурумда 5 миллион түрік лирасына (1.1 миллион АҚШ доллары) тең келетін сомаға мешіт салды. Мешітпен ғана шектеліп қоймай, Нүсрет ауылдың тұрғындарын кітапхана мен қонақ үйден тұратын кешенмен қуантқан.

Мешіттің ашылу салтанаты ақшам намаз уақытымен тұспа-тұс келіп, 500-ге жуық адам ауызашар кешінде мол дастархан мен Құран уағыздарын тыңдау несібесіне ие болды. Ата-бабасының тегін берген бұл мешіттің ашылу салтанатында Нүсрет өз сөзінде «Ауылыма осындай естелік сый еткенімнің қуанышын сезінудемін» деп жұртқа жылы ықыласын білдірді.

Айта кететін болсақ, түрік аспазы Нүсрет Гөкче керемет стейк-оттоман атты тағамын дайындап, тұз себуде нағыз кәсібилігін көрсеткен қысқа видеосын Твиттерге салғаннан бастап әлемнің түкпір-түкпіріндегі аспаздардың көңілінен шығып, миллиондаған адамды таң қалдырған болатын. Бір жыл өткен соң ол әлемнің басты қаласы Нью-Йоркте өзінің жаңа «Nusr-Et» мейрамхана желісін ашады.

Қазіргі таңда Нүсрет Гөкченің дүние жүзі бойынша Нью-Йорк, Майами, Дубай, Абу Даби деген ең танымал қалаларында өз мейрамханасы бар. Инстаграмдағы парақшасында 14 миллионға жуық оқырман жинаған Нүсрет Түркияның ең үздік аспазы ғана атанбай, әлемнің ет патшасына айналды.

(foto:instagram:nusr_et)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз