Қадір түнінде мешітке ағылған халықтың қарасында шек жоқ

0
311

Аса рақымды Алланың қалауымен рамазан айының 27 жұлдызы Қадір түнін де өткердік. Бұл түн қасиетті Құранда сипатталғандай мың айдан да қайырлы. Қадір кешінде Жабрейл (а.с) бастаған періштелер жер бетіне түсіп, Алланың рақымы берілетін түн.

Елордадағы Республикалық Әзірет Сұлтан мешіті жылдағы үрдіске сай Қадір кешінде ауыз ашар беріп, қасиетті түнде жасалуы тиіс құлшылықтар мен түннің сауаптары жайында уағыздар айтып, кештің соңында қасиетті түнді жамағатпен бірге қарсы алуға келген халыққа сәресі берді.

kazaknews.kz Қадір түнінде жасаған құлшылықтарыңыз қабыл болсын дей отырып, назарларыңызға арнайы фоторепортаж ұсынады.

Қас қарая сала Әзірет Сұлтанға қарай ағылған халықтың қарасында шек жоқ.

Әзірет Сұлтан мешіті Қасиетті түнді Алланың үйінде қарсы алуға келген жамағатқа арнап далаға арнайы төсеніштер мен үлкен экранға түннің бағдарламасын да шығарып отырды.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз