ҰҚК: Тоқаевқа қастандық жасауды көздеген “шетел агенті” ұсталды

0
696
Photo: Press@knb.kz

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті 3 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында “шетел барлау қызметінің агенті” ұсталғанын хабарлады. Комитет таратқан ақпаратқа қарағанда арнайы операция 25 наурызда болған.

ҰҚК ресми өкілі Әркен Әбдіғалидің айтуынша, “шетел агенті Қазақстан президентіне және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған”

Әбдіғалидың сөзінше, “шетел агенті” онымен де тоқтамай “арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне террористік акт жасауды жоспарлаған”.

– “Шетел агенті” әлеуметтік желіде Ресейге қарсы үндеуді насихаттау және қоғамда русофобтық көзқарастарды тудыру тапсырмаларын орындаумен айналысқан, – дейді Әркен Әбдіғали.

ҰҚК өкілінің айтуына қарағанда, “шетел агентін” тінтігенде “дыбыс өшіргіші бар винтовка, есірткі заттары және ірі ақша сомасы тәркіленген”. Күдікті – Қазақстан азаматы. Ол “шетел агенті” ретінде жасаған қылмысын мойындаған, қазір үстінен Қылмыстық кодекстің 24 бабының 1 бөлігі және 255 баптың 4 бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Кемі 230 адам өлген биылғы Қаңтар оқиғасынан кейін Нұр-Сұлтан “бандиттер мен халықаралық терористерді” айыптаған, бірақ нақты дәлел келтіре алмаған.

Қазір ҰҚН-ның бұрынғы төрағасы мен үш орынбасары “Отанға опасыздық жасады” деген айыппен қамауда отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз