Қытай сауда қақтығысында АҚШ-қа жол берді

0
72
дереккөзден

Қытай АҚШ-пен сауда қақтығысында жұмсақтық танытады. Қытай қаржы министрлігі автокөлік импортына баж салығын бірден төмендету туралы жариялады. 1 шілдеден бастап автокөлік модельдерінің басым бөлігіне баға құны 25 пайыздан 15 пайызға төмендеуі қажет. Ал шетелдік қосалқы бөлшектерге баж салығы екі есе төмендейді.

Reuters таратқан ақпарға сәйкес, бұл еуропалық және америкалық өндірушілерге әлемнің ірі нарығына шығуға мүмкіндік береді.

Қытай Қаржы министрлігінің мәлімдемесі Вашингтон мен Бейжің арасында келіссөздер сәтті өтті деген хабардан кейін жарияланды. Тараптар сауда айналымын қалыпқа келтіру туралы диалог құрып, – бұл шешім «татулықтың» белгісі ретінде қабылданды.


Бұған дейін Вашингтонда қос тарап кездесіп, келіссөздер барысында тараптар елдер арасындағы сауда теңгерімсіздігінің жойылуына бағытталған шараларды қабылдау туралы консенсусқа қол жеткізген еді. Бейжің америкалық тауарлардың көлемін арттыруға , сондай-ақ АҚШ тауарлары үшін қытайлық нарықта қалыптасқан барьерлерді жойып, адал бәсекелестік жасауға келісті.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз