Кубада әуе апаты

0
141

Кубада болған ұшақ апатының салдарынан 110 адам қаза тапты. Апаттан тек үш әйел ғана аман қалды. Бұл туралы Euronews хабарлайды.

Қаза тапқандардың арасында 6 экипаж мүшесі, 5 шетел азаматтары (2 Аргентина азаматы) бар.

Гавана Халықаралық әуежайынан елдің шығысындағы Ольгин қаласына ұшып шыққан Boeing 737 ұшағы әуеге көтерілгеннен бірер минуттан кейін Гаванадан оңтүстікке қарай 20 км жердегі ауыл шаруашылық аймағына қайта құлаған.

Кубалық көлік министрлігі қайғылы жағдайдың себептерін зерттеу үшін комиссия құрды. Апаттан аман қалған азаматшалардың халі мүшкіл.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз