Ресейде жаңа үкімет құрамы бекітілді

0
100
РФ президенті баспасөз қызметі

Ресей Федерациясының премьер-министрі Дмитрий Медведев 18 мамырда президент Владимир Путинге жаңа үкімет құрамы бойынша өз ұсыныстарын көрсетті. Путин Медведевтің ұсынған құрамын мақұлдап, аталған лауазымдарға тағайындау бойынша жарлыққа қол қойды.Бұл туралы РФ президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Бірқатар үміткерлер өздерінің министр лауазымында қалды, атап айтқанда, мәдениет министрі Владимир Мединский, Қорғаныс министрі Сергей Шойгу, СІМ министрі Сергей Лавров, ІІМ министрі Владимир Колокольцев, әділет министрі Александр Коновалов және денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцова.

Жаңа министрлер

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар министрі болып Евгений Зиничев тағайындалса, Қиыр Шығысты дамыту бойынша министр лауазымына Александр Козлов иелік етпек. Ауыл шаруашылығы министрі болып Дмитрий Патрушев, спорт министрі болып Павел Колобков, Солтүстік Кавказ ісі бойынша министр болып Сергей Чеботарев тағайындалды. Ағарту ісі бойынша жаңа министр лауазымын Ольга Васильева атқарады. Президент Путин сондай-ақ ондаған вице-министрдің лауазымын мақұлдады, олардың бесеуі өздерінің бұрынғы лауазымдарын сақтап қалды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз