Трамп Еуроодаққа жауап қайырды

0
76
АҚШ президенті Дональд Трамп.

Еуроодақ саясатынан АҚШ нашар жағдайда. Бұлай деп АҚШ президенті Дональд Трамп Еурокеңес басшысы Дональд Тусктың сынына жауап қайырды. Бұған дейін Туск АҚШ сынды «әріптестермен» «жауласудың да қажеті жоқ» деп мәлімдеген еді.

Трамптың айтуынша, Еуропалық Одақ Құрама штаттарға атап айтқанда, АҚШ жұмыскерлеріне нашар қарым-қатынас жасаған. «Өткен жылы бізде тауар тапшылығы 151 млрд долларды құрады. Мен Жан-Клод Юнкер мен Дональд Тускты жақсы білемін, ол екеуі де маған ұнайды, дегенмен, келіссөздерде олар өте қатал», – дейді АҚШ басшысы. Трамптың айтуынша, Еуроодақ Қытай мен бірқатар елдерді есепке алмағанда сауда ісі бойынша АҚШ-пен нашар қарым-қатынас жасасқан.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, соңғы уақытта Бюрселль мен Вашингтонның саясаты бірқатар мәселелерге қатысты қақ жарылды: АҚШ-тың Иранмен келісімшартты тәрк етуі, АҚШ-тың Тель-Авивтан Иеруслаимге елшілігін көшіруі.

Еуроодақ АҚШ санкцияларын бұғаттады

Сондай-ақ Еуропалық комиссия АҚШ-тың санкцияларынан Ирандағы еуропалық компанияларды қорғау жөніндегі алғашқы қадамдарды жасады. Софияда өткен ЕО саммитінің қорытындысы бойынша Еурокомиссия басшысы Жан Клод Юнкер Еуроодаққа АҚШ санкцияларының экстерриториалдық әсерлерін бейтараптандыратын «тосқауыл туралы заң» жарияланғанын хабарлады. Еуропалық компанияларға аталған заң талаптарын орындауға түбегейлі тыйым салынады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз