Түрік дәрігерлер ақтөбелік емделушілерге ота жасады

0
138

Түркиядан келген хирургтар Қазақстанның батыс өңірінің тұрғындарына бірнеше күн бойы сүт безі аурулары мен түрлі косметикалық ақаулар жайында кеңестер беріп, жергілікті әріптестері үшін шеберлік сабақтарын өткізді, ауруды емдеудің жаңа әдістерімен бөлісті. Бұл туралы Ақтөбе облыстық әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақтөбе облыстық ауруханасында Анкара қаласындағы Башкент университеті медициналық орталығының профессорлары – онколог, трансплантолог, маммолог Седат Илдырым мен пластикалық, бет- жақсүйек хирургі Ахмет Чагри Уйсал бес қиын ота, оның ішінде екеуі балаларға жасады.

Осылайша, кеңес беру кезінде косметикалық және функционалды кемістігі бар астыңғы бет-жақсүйегінің буындары мен сүйектерінің туа біткен потологиясымен ауыратын емделушіні тексерді. Екі кезеңдік отадан тұратын емдеудің нақты жоспары жасалды.

Бұдан басқа, «Бақытты бала» акциясы аясында ауыр потологиясы бар тағы бес балаға Түркияда Башкент университеті жанынан ота жасалады. Түркиялық мамандар барлық отаны тегін жасауда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз