Кубада аза тұту күні жарияланды

0
79

Куба билігі Гавана маңында Boeing 737 ұшағы апатының салдарынан 110 адамның көз жұмуына байланысты 3 күн, аза тұту күні деп жариялады. Бұл туралы Куьаның мемлекеттік кеңесі хабарлады.

«Жұма күні болған ұшақ апатына байланысты, Мемлекеттік кеңес 19 мамырда сағат 06.00-ден бастап 21 мамыр 00.00-ге дейін ресми аза тұту күні деп жариялайды», – делінген хабарламада. Елде аза тұту кезінде мемлекеттік тулар төмендетіледі.

Еске саламыз, Мексикадағы Cubana de Aviacion авиакомпаниясынан жалға алынған Boeing-737 Гавананың халықаралық әуежайынан ұшып шыққаннан кейін бірер минуттан кейін Гаванадан оңтүстікке қарай 20 км жердегі ауыл шаруашылық аймағына қайта құлаған. Апат салдарынан ұшақтағы 110 адам (6 экипаж мүшесі) қаза тапты.

Бұған дейін ұшақта болған 3 әйелдің аман қалғанын, қазіргі уақытта олардың халі мүшкіл екенін хабарлаған болатынбыз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз