Мәмин «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесін басқарды

0
73
дереккөзден

ҚР үкіметінің қаулысымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлайды. «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин басқарды. Сонымен қатар, қордың директорлар кеңесінің құрамына ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов кірді.

Директорлар кеңесінің құрамынан Б. Сағынтаев, Т. Сүлейменов шығарылды.

А.Мәмин 1965 жылы 23 қазанда дүниеге келген. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын бітірген. “Қазақстан теміржолы” ұлттық компаниясын басқарды, Астана қаласының әкімі, көлік және коммуникация министрі болды. ҚР премьер-министрінің орынбасары болды.  2019 жылы ҚР-ның оныншы үкіметі отставкаға кеткенде премьер-министр лауазымын уақытша атқарды. 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың жарлығымен ҚР үкіметінің басшысы болып тағайындалды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз