Мәжіліс спикері Кэйдзо Такемиді қабылдады

0
108

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин 18 қыркүйек күні Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі парламентарийлердің Азиялық Форумының төрағасы Кэйдзо Такеми мырзаны қабылдады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Жапония мен Қазақстан арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына биыл 25 жыл толып отыр. Екі елдің қарым-қатынасын дамыту еліміздің сыртқы саясатында маңызды рөл атқарады. Осы уақыт арасында Астана мен Токио бір-біріне қолдау көрсете отырып, ортақ мақсаттар жолында сенімді әріптестік орнатты», – дейді Мәжіліс төрағасы.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылғы Жапонияға ресми сапары бұған дейін қол жеткізілген келісімдерді бекітіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтілген әріптестік деңгейге жеткізген болатын.

Сондай-ақ, келіссөз барыссында Такеми Жапон елінде Қазақстан Президентінің ядролық қаруды таратпау жөніндегі бастамаларын жоғары бағалайтынын айта кетіп, Президенттің халықаралық деңгейдегі өзекті мәселелер бойынша маңызды қадамдарына алғысын білдірді.

Кездесуде екі тарап саяси демократиялық бағыттар бойынша халықаралық байланыстарды тереңдету жағын талқыға салды.

Мәжіліс Төрағасы К. Такемидің сапары біздің еліміздің екіжақты қарым-қатынасын одан әрі дамытуға ықпал етеді деген сенім білдірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз