Елбасы Қырғызстан Президенттігіне үміткер Бабановпен кездесті

0
54

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан Президенттігіне үміткер Өмірбек Бабановпен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және бауырластық қатынастарды одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Президенттің баспасөз орталығы.

– Қазір Қырғызстан ел президентін сайлау кезеңінде тұр, бұл –  әр мемлекеттің өміріндегі маңызды сәт. Қырғызстанның тәуелсіздік жылдарынан бастап мен сіздердің барлық президенттеріңізбен жемісті жұмыс жасауға тырыстым. Біз қырғыз халқы сенім артқан жаңадан сайланған президентпен де тиімді қарым-қатынас жасаймыз, – деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қырғызстан халқының арасындағы бірлік пен достықтың маңыздылығын атап өтті.

– Бізде бөліске салатын ештеңе жоқ. Біз бауырлас Қырғызстан халқын әрдайым қолдағанбыз, қазір де барлық қажетті көмекті беруге дайынбыз. Бұл көліктік-транзитті салаға және сіздің еліңіздің Еуразиялық Экономикалық Одаққа енуіне қатысты, – деп түйіндеді Н. Назарбаев.

Өз кезегінде Өмірбек Бабанов қырғыз халқының Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгершілік күш-жігерін жоғары бағалайтынын және қолдайтынын атап өтті.
– Қырғызстанның премьер-министрі болған кезімде, сіз бізге әрдайым жан-жақты көмек көрсеттіңіз. Біз бауырлас Қазақстанның жетістіктерін қуанышпен қабылдаймыз,- деді Қырғызстан Президенттігіне үміткер.

 

Сайлаубай Сабина

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз