Нигерияда лаңкестік шабуыл 30 адамның өмірін жалмады

0
174

Нигерияда 30-дан астам адам «Боко харам» исламдық тобы тарапынан жасалған лаңкестік шабуылының құрбаны болды. Қаза болғандардың басым бөлігі бейбіт тұрғындар.


«Боко харам» – Нигерияда ислам халифатын орнатуды мақсат тұтатын, елдің солтүстігінде орналасқан лаңкестік ұйым.

Алайда, қазіргі уақытта лаңкестік ұйым бейбіт тұрғындарды қорқытумен, адам ұрлаумен және жергілікті полиция бөлімшелеріне қарулы шабуыл жасауды қолға алған.

2014 жылдың сәуір айында аталған ұйымның өкілдері Чибок қаласындағы мемлекеттік жалпы білім беру мектебінен христиан отбасынан шыққан 276 мектеп оқушы қыздарды ұрлап кеткен. 2014 жылы ұрланған қыздардың жүзден астамы әлі күнге дейін тұтқында. Қамаудағы қыздардың басым бөлігі лаңкестік топтың өкілдеріне мәжбүрлі түрде тұрмысқа шығарылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз