“Әл-Каида”* көшбасшысы тұтқынға алынды

0
84
Reuters

Ливияның қарулы күштері «Әл-Каида»* лаңкестік ұйымының көшбасшыларының бірі Әбу Сафян бен Камуды тұтқынға алды. Бұл туралы Al-Arabiya әскери дереккөздерінің біріне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Лаңкес Дерна (Ливия қаласы) қаласындағы әскери операциялардың бірінде тұтқынға алынған. Каму басқаратын лаңкестік топтың шабуылдау үшін оқ-дәрілері таусылуы салдарынан топқа шабуылдау мүмкін болғандығы хабарланады.

59 жастағы бен Каму «Әл-Каида»* лаңкестік ұйымының белді көшбасшыларының бірі екендігі айтылады. Ол Ливиядан 1980-ші жылдары кетіп қалған, Суданда Усама бен Ладеннің жеке көлік жүргізушісі болған. Бен Камуды АҚШ-тың әскерилері тұтқынға алып, Гуантанамо абақтысына жапқан, кейіннен 2007 жылы Ливияға қайта жер аударған.

Ал 2011 жылы лаңкес түрмеден қашып шығып, Дернада лаңкестік топ құрған.


Әл-Каида* – лаңкестік ұйымның қызметіне 2004 жылдың 15 қазанында Қазақстан Республикасы Жоғары сотының шешімі негізінде тыйым салынды.

 

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз