Ресей, Иран және Түркия Сириядағы «террористердің қалдықтарын» жоюға келісті

0
85

Сочидегі Ресей, Иран және Түркияның қарулы күштері басшыларының кездесуінде «Сирияда қалған лаңкестерді жою бойынша шаралар әзірледі», деп мәлімдейді РФ қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Әскери бөлімдердің хабарлауынша Идлиб аймағында үлестіру деңгейін арттыру туралы келісімдерге және Сирия Араб Республикасы аймағында «ИГИЛ» мен «Джабхат ан-Нусры» лаңкестік ұйымдарын жоюды аяқтау бойынша нақты шараларға қол жеткізілді.

Ресей Қарулы күштері Бас штабының басшысы Валерий Герасимов әріптестеріне, Түркия Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Хулуси Акаромға және Иран Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Мохаммад Багериге Сириядағы бірлескен жұмысына алғыс айтты.

Герасимов сондай-ақ, Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтап қалу, азаматтық соғысты тоқтату және бейбіт өмірді қалпына келтіру мен босқындардың қайтарылуы үшін жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ кейбір қиындықтарға қарамастан келіссөздер жүргізудің қажеттіліктеріне тоқталды.

Валерий Герасимов «Соғыстан кейінгі бейбітшілікке қол жеткізгенге дейін, оның нәтижелерін нығайтуға жағдай жасап, лаңкестердің Сирияға қайта оралуына жол бермеу керек», деп қорытындылады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз