Қорғаныс министрі БАӘ Ұлттық қорғаныс колледжінің өкілдерімен кездесті

0
73

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы Күштері Ұлттық қорғаныс колледжі бастығының орынбасары Хамада Джума Әл-Неадимен кездесті, деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында ҚР Қорғаныс министрі тыңдаушыларға Қазақстанға келудегі танымдық сапар және оқудың сәтті аяқталуын тіледі.

Шетелдік меймандар үшін Ұлттық қорғаныс университеті мен ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи мұражайында таныстырылым экскурсиясы ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы Күштері арасында екіжақты әскери ынтымақтастыққа қол қойылғанын айта кеткен жөн. Аталған жоспарда ҚР және БАӘ аумағында іс-шараларды өткізу көзделген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз