-17 °С суыққа төзімді «ГЕРДА» атты бидай сорты табылды

0
76

«Аграрлық ғылымның Агро өнеркәсіптік кешені бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қосқан үлесі» тақырыбында Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясы өтті, деп қабарлайды Ortcom.kz.

Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдауды жетілдіру мақсатында, сондай-ақ АӨК-ні дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін Министрлік ауыл шаруашылығының басым бағыттарын дамыту және АӨК-ні мемлекеттік қолдауды жетілдіру карталарын әзірледі.

 «ҰАҒБО» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Асқар Нәметов «Біздің ҒЗИ генетика, физиология және биотехнолгия әдістерін қолдану арқылы бірнеше технологиялар әзірленген. Мәселен, Қарабалық тәжірибелік стансасының «Герда» күздік жұмсақ бидай сорты. Бұл сорт жоғары аязтөзімділігімен ерекшеленеді, өсімдіктің көктеуі қарсыз күзгі суықта -17 °С дейін төзімді», – деп атап өтті.

Қазіргі таңда «ҰАҒБО» КЕАҚ білімді, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметтерін таратудың тиімді жолдарын қарастыруда. «ҰАҒБО» КЕАҚ жүйесінде ЖОО мен ҒЗИ базасында инновацияларды енгізуге бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижесінде коммерциализациялаудың 12 кеңсесі құрылған. ҒЗТКЖ нәтижесі бойынша сараптама жүргізіліп, 646 зерттемелерден тұратын деректер базасы жасалған.

Бүгінде бәсекеге лайықты және ең қажетті деген 82 жобаның базасы жинақталған. Аталмыш әзірлемелер коммерциализацияға және таратуға дайын, – деді спикер өз сөзінде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз