Ресей және Түркия президенттері Астана процесінің басты жетістіктерін атады

0
106
дереккөзден

Ресей, Түркия және Иран президенттері В. Путин, Р. Ердоған, Х. Роухани халықаралық қоғамдастықты Сириядағы тұрақтандыру мен деэскалация процесін қолдауға шақырды. Бұл туралы РИА Новости үш мемлекет басшысының Сочидегі кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Олар халықаралық қоғамдастық мүшелерін Сирия халқына қосымша көмек жіберу, тарихи мұраларды сақтау, тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын (әлеуметтік және экономикалық объектілерді есепке алғанда  )қалпына келтіру арқылы Сириядағы деэскалация және тұрақтандыру үдерісін қолдауға шақырды»,

– деп мәлімделеді құжатта.

Ресей президенті Астана процесінде Түркия мен Иран басшыларының ерекше рөлін атап өтті, олардың қатысуынсыз сирияаралық дағдарыстың саяси реттелуі мүмкін болмастығын алға тартты.

«Түркия және Ресей президенттерінің ерекше рөлін атап өткім келеді, егер сіздердің ұстанымдарыңыз болмағанда, Астана процесі, қақтығыстардың тоқтатылуы, атыс-шабыстың тоқтатылуы, деэскалция аймақтарының құрылуы болмайтын еді»,

– деп мәлімдеді В. Путин.

Өз кезегінде Р. Ердоған Ресей басшысын қолдап, Астана процесінің сирияаралық тұрақтандыруға қосқан зор үлесін баяндады.

«Бұл Астанадағы кездесулер, Аллаға шүкір барлық аймаққа пайдасын тигізді. Қол жеткізілген нәтиже айтарлықтай»,

– деді Түркия президенті үшжақты кездесу барысында.

Атап өтерлігі, Сирия мәселесі бойынша Астана процесі 2017 жылдың қаңтарынан бері жүргізіліп келеді. Астанада Сириядағы атысты тоқтатуға бақылау жасайтын біріккен операциялық топ туралы келісімге қол қойылды және кепіл елдермен (Ресей, Түркия және Иран) Сириядағы деэскалациялық аймақтарды құру туралы меморандумға қол жеткізілді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз