Күні кеше Астанада пәтерде шыққан шарпыған өрттен қаза тапқан балалардың ата-анасына қазақстандықтар көмек қолын созуда.
Бүгінде қайғы шегіп отырған ата-ананың жеке шотына халықтың көмегімен 13 миллион теңге жиналып үлгерген.
Халықты бес баласынан бір сәтте айырылған ата-анаға жәрдем беруге шақырған әлеуметтік желі қолданушыларысы Оралсын Нұрмагамбетов бұл шараға Әзіреті Сұлтан мешіті жауапты екенін жазған.
Мәліметтерге сай өрттен қаза тапқан балалар ата-анасымен қоса 4 жылдан бері жалдамалы пәтерде тұрып келген. Туыстарының айтуынша, балалардың анасы бөлшектеп өлшеуші болып жұмыс істейтін және сол күні ол түнгі ауысымда істеген. Әкесі балаларымен бірге болған, бірақ оны дереу жұмысқа шақыртқан. Ол көлік жөндеу станциясында моторист болып жұмыс істейді екен. Соңғы рет олар пешті түнгі екі шамасында тексерген, барлығы да дұрыс болған және үйде жарық жанып тұрған. Ал түнгі үште алапат өрт шыққан. “Біз мұнда байбалам салдық. Өрт сөндірушілерді барлығы шақырды. Өртті көргендердің барлығы шақырды. Бірінші болып кім шақырғаны белгісіз”, – деді отбасының туысы. Қайтыс болған балалардың ата-анасы үйінде жоқ, қазіргі уақытта олармен психологтар және әлеуметтік қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр.
Көмек қолын созамын деушілерге осы шараға жауапты адамдардың деректерін қалдырдық: