Саудиялық әйелдер көлік жүргізу куәліктеріне ие боды

0
76

Саудиялық әйелдердің алғашқы ондығы көлік жүргізу куәліктеріне ие болды. Бұл туралы reuters хабарлайды.

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтан өзге де қалаларда саудиялық әйелдерге көлік жүргізу куәліктері берілді. Алайда аруларға рульге отыру үшін айдың соңына дейін күтуге тура келеді. Себебі саудиялықтар үшін көлік жүргізуге арналған рұқсаттама 24 маусымда ғана күшіне енеді.

Еске сала кетейік, саудиялық әйелдерге көлік жүргізу туралы рұқсаттамаға Сауд Арабиясының королі Абдель Азиз Аль Сауд алғаш рет өткен жылдың қыркүйек айында қол қойған болатын.

Саудиялық аруларға жеңіл автокөлік жүргізуге рұқсат етілгенімен, мотоцикл мен жүк көліктерін айдауға тыйым салынды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз