Трамп пен Ким Чен Ынның нақты кездесетін орны айқындалды

0
65
дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп КХДР басшысы Ким Чен Ынмен Сингапурдағы Сентос аралында кездеседі. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс хабарлады.

С. Сандерс өзінің Twitter парақшасында «Трамп пен Ким Чен Ын Сентос аралындағы Capella қонақ үйінде кездеседі», – деп жазады.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы сондай-ақ Сингапур тарабына қонақжайлық танытқандары үшін алғыс білдірді.

RT басылымы қос президенттің кездесуі 12 маусым жергілікті уақытпен сағат 09.00-де (Астана уақыты бойынша сағат 07.00-де) басталады деп хабарлайды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз