Сирия аумағынан елге оралған 125 Қазақстан азаматының 57-сінің үстінен іс қозғалды. Бұл туралы Үкіметтің кезекті отырысынан кейін Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Антитеррорлық орталығы басшысы Жанат Сайполдаев мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығының штаб бастығы мәлімдемесінде «Сіздер Ирак пен Сирия аумағында соғыс болып жатқанын білесіздер. Қазіргі таңда коалициялық және Ресейдің әскери-ғарыш күштердің көмегімен аталған аймақтағы жағдай тұрақталды. Осы уақытқа дейін 125 азамат елге оралды. Оның 57-сі сотталды. Қалған азаматтар бойынша оперативті бақылау және тиісті профилактикалық шаралар жүргізілді», – деді.
Жанат Сайполдаев сонымен қоса Сирия мен Ирактан елге оралған қазақстандықтарды азаматтығынан айыру мәселесі де қарастырылып жатқандығын айта кетті.