Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың өкімімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары қызметіне Отарбаев Мәлік Нұржанұлы тағайындалды.
Мәлік Нұржанұлы 1980 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы, Ақжар ауылында туылған.
Еңбек жолын 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде стажер-зерттеуші қызметінен бастаған.
2003 – 2016 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде аспирант, «Диалог» Еуразия-Қазақстан» журналының жауапты хатшысы, бас редакторы, бас үйлестірушісі, Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Қаламгер» журналының бас үйлестірушісі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі болып қызметтер атқарған.
2016 жылғы сәуір айынан Қазақстан Республикасы Түркия Республикасындағы елшілігінің Үшінші хатшысы лауазымын атқарып келді.