Түркияда жер сілкінісі: 39 адам зардап шекті

0
183

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Адыяман провинциясында болған 5,1 баллдық жер сілкінісінен 39 адам зардап шекті. Бұл туралы Түркияның Денсаулық сақтау министрі Ахмет Демиржан мәлімдеді, деп хабарлайды жергілікті ақпарат көздері.

Ақпарат көздеріне сүйенсек, табиғат апаты тек материалдық шығындар алып келген. Ауыр жарақаттанған және қаза тапқан адамдар жоқ.

Жерасты дүмпуі Түркия уақытына сәйкес шамамен 3.35-те болған. Жер сілкінісінің эпицентрі 7 шақырым тереңдікте орналасқан. Бір сағатқа 1,4-тен 2,7-ге дейін сегіз мәрте қайталанған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз