Қырғызстан бас тартқан 100 млн теңге жайы анықталды

0
52
ашық дереккөзден

Қырғызстанмен шартты бұзған жағдайда Қырғыз Республикасына бөлінген 100 млн теңгеге қатысты шешім 2018 жылдың ақпанында қабылданады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

«Бірінші кезекте шарттың күшін жою үрдісін аяқтау қажет. Бұл оңай үрдіс емес. Біз осы шартты ратификацияладық, ол Парламентке өтті. Оны жою үшін бізге ішкі үрдістерден өту керек. Үрдіс аяқталғаннан кейін шешім қабылданатын болады. Мұның барлығы шамамен келесі жылдың ақпанында анықталады», – деп мәлімдеді министр Үкімет отырысынан кейін деп хабарлайды tengrinews.kz.

Атап өтерлігі, 23 қазанда Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан тарапына 2016 жылғы 26 желтоқсанда экономикалық интеграция жағдайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Келісімді жоюдың ішкі рәсімдерін бастау туралы ресми хабарлады.

Кейіннен Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев келісім күшін жойған жағдайда аталған қаражат Қазақстанның әлеуметтік саласын дамытуға жұмсалуы мүмкін екенін атап өтті.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз