“Бұл Қазақстанның ішкі мәселесі” – РФ СІМ латын әліпбиіне көшу туралы

0
45
ашық дереккөзден

Мәскеуде Астананың латын қарпіне көшуіне байланысты мәселеге пікір айтылды.

Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин «Бұл Қазақстанның ішкі мәселесі» деп мәлімдеді деп хабарлайды Риа новости.

«Менің ойымша, бұл мәселеде біздің ұстанымымыз орнықты, түптің түбінде қай тілдің қай деңгейде қолданылуы бұл –  Қазақстанның ішкі мәселесі», -дейді Г. Карасин «Россия -24» телеарнасы эфирінде.

Қарасиннің айтуынша, жаңа жағдайға бейімделу біраз уақытты алады, алайда қазір атаулы мәселеге қатысты мәселелер туындаған жоқ.

«Біз екі жақты қарым-қатынасқа бейімделу жолдарын, сондай-ақ орыс тілін жаңа латын қарпі жағдайына бейімдеу тәсілдерін табатынымызға сенімдімін», – деп атап өтті елші.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз